Лейбл жайлы

«ASH ҚaZaҚ Pro» тарихы сонау 2006 жылдан бастау алады. Алайда бастапқыда «ASH ҚaZaҚ Pro» студенттік синематографпен айналысатын жәй ғана шығармашылық бірлестік болатын. Шығармашылық бірлестік ретінде Халықаралық «Шәкен жұлдыздары», Президенттік «Шабыт», Халықаралық «Дидар» және т.б. беделді кинофестивалдарға қатысып жүлделі орындарға ие болған болатын. Ал Хип-Хоп лейбл ретінде «ASH ҚaZaҚ Pro» 2008 жылдың 30 сәуірінде жұмыс жасай бастады. Аталған жылы және уақытта тұңғыш қазақ тілді рэп-альбомның, яғни ШYNGYS-тың «Қазақ Рэпінің Ханы» альбомының тұсаукесері болған болатын. «Қазақ Рэпінің Ханы» альбомы өте сәтті шығып, Қазақстан хип-хоп қауымдастығын дүрліктіріп, аз ғана уақыт ішінде сатылып кетеді. Осы сәттілік лейбл ретінде жұмысты жалғастыруға деген үлкен құлшыныс беріп, сол жылы яғни 2008 жылдың мамырында лейбл Тұңғыш Қазақ тілді Хип-Хоп баттлының негізін қалайды. Қазіргі таңда «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблімен ұйымдастыруымен өтетін Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлдары Қазақстан Хип-Хопындағы ең беделді шаралар болып табылады. Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлдары Қазақстан Хип-Хопындағы жыл сайын болып тұратын Дәстүрлі шараларға айналды. Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлдары жәй ғана «виртуалды» интернеттік шаралар емес... Осы баттлдар арқылы Тарлан, Домалақ, ESKO, Zhako, Xattab, R.I.D.O, Tilek сынды көптеген орындаушылар әмбеге кеңінен танылды.

Сонымен қатар сол жылы тағы «KZ Gold Generation» және «Music4kin’ Underground» атты хип-хоп жинақтарды шығарады. Күтпеген жерден осы аталмыш жинақтарда өте сәтті шығып, қысқа уақытта сатылып кетеді. Сөйтіп 2009 жылы хип-хоп жинақтардың екінші сериялары жарық көреді. Сол жылдың мамыр айында Damon есімді артисттің «Friday the 13th» атты жеке альбомы шығып, тыңдарманның ыстық ілтипатына ие болады. Осылай  «ASH ҚaZaҚ Pro» лейблінің тарихы басталған болатын... 

Қазіргі уақытта «ASH ҚаZаҚ Pro» - Қазақстандағы жалғыз шығарушы лейбл болып табылады. Тұрақты түрде шаралар жасап, альбомдар мен жинақтарды шығаруда. Лейблдің әрбір артисті – сәтті жоба. Жастар арасында қазақ тілін дәріптеуде аянбай тер төгуде.  

«ASH ҚаZаҚ Pro» лейблі – қазақ рэпін дамытудағы негізіг қозғаушы күш.

Лейбл ұстанымы: «Баба тілін сәнді тілге айналдырайық!» 

Лейблдің негізін қалаушылар: Махамбетов «SarMakham» Бауыржан, Әлкеев «ШYNGYS», Салпеков «Ali NayMan» Әлібек, Акуов «JAN» Жанат.

О лейбле

Первый Официальный Казахский Хип-Хоп лейбл «ASH ҚaZaҚ Pro»' был создан на основе творческого обьединения «ASH ҚaZaҚ Pro», которое занималось в основном студенческим синематографом с начала 2006 года. Творческое обьединение «ASH ҚaZaҚ Pro» успешно участвовала в различных кино-конкурсах, было лауреатом таких престижных фестивалей как Международный фестиваль «Звезды Шакена», Президентский фестиваль «Шабыт», Республиканский студенческий фестиваль «Дидар» и т.д.

Основателями лейбла являются: Шынгыс «ШYNGYS» Алкеев, Махамбетов «SarMakham» Бауыржан, Акуов «JAN aka NICE» Жанат и Салпеков «Ali NayMan» Алибек.

Датой рождения лейбла «ASH ҚaZaҚ Pro» принято считать 30 апреля 2008 года – именно в этот день была презентация первого Официального Казахского Рэп альбома «ШYNGYS – ҚaZaҚ Рэпінің Ханы», который имел ошеломляющий успех, был распродан за короткое время. И этот успех воодушевил на продолжение деятельности как лейбла. В тот же год лейбл выпускает первую серию хип-хоп сборников «KZ Gold Generation» и «Music4kin’ Underground»,так как первая серия была успешна, то в 2009 году вышла вторая серия сборников «KZ Gold Generation vol.2» и «Music4kin’ Hip-Hop vol.2». В мае 2009 года был выпушен сольный альбом артиста лейбла Айдоса, известного как Damon под названием «Friday the 13th».

Наш лейбл не стоит на месте и продолжает развиваться! Ищет талантов, продюссирует альбомы и сборники, проводет хип-хоп акции, в том числе первый официальный казахский хип-хоп баттл, приз которого является продюссирование альбома.

Продолжение следует...

Мы всегда открыты для талантов и интересных предложении!

 
 

Designed by SarMakham

© 2008-2011 ASH ҚaZaҚ Pro. Все права защищены.