Атам Қазақ әрдайым сөздің құнарлығына,
салмағына және әсерлігіне үлкен мән берген. Сондықтан болар Алаштың
ұл мен қыздары әрқашанда ақындығымен белгілі болды. Батыс елдерінде
«Шығыс халықтары тек күшті ғана мойындайды» деген түсінік
қалыптасқан... бәлкім бұл сөздердің жаны бар шығар, бірақ Қазақ
халқы білек қуатынан гөрі Сөз қуатын қатты бағалаған. Бұл сөздеріме
тікелей дәлел ретінде Айтыс өнерін айта аламын... Баршаңыз
білесіздер, айтыста сөздің әсемдігі емес, сөздің әсерлігі, өткірлігі
бағаланады. Бірақ қазір өкінішке орай, Айтыс өнері өзінің маңызын
жоғалтып барады. Бастапқы нұсқадағы айтыс өнері Жастарымызға қызық
емес. Енді сұрақ, осы жастарымызды төл өнеріміз Айтысқа қалай
тартуға болады?
Жастықтың ең бір ерекше
тұсы ол - өркөкіректік және күрестік сезім. Яғни бұл дегеніміз
Жастарарымызды «күштеп» төл өнерге тартуға болмайды деген сөз. Жалпы
менің айтқым келіп отырғаны... жастарымызбен сол жастардың «тілінде»
сөйлесу керек. Яғни төл өнеріміз Айтысты қазіргі таңда жастар
арасында сәнді Хип-Хоп өнерімен ұштастыру. Хип-Хоп өнерінде «Баттл»
деген ұғым бар, мағыналық аудармасы «Айтыс» сөзі болып табылады.
Көптеген ағаларымыз бұл істі түсінбей Айтысты «бұрмалау, ластау»
деуі мүмкін. Бірақ бұл мүлдем «бұрмалау» емес, бұл жаңару. Бұл
дегеніміз төл өнеріміз Айтысқа жаңа дем беру деген сөз!
Бұл дегеніміз Ресми Қазақ
Хип-Хоп Баттлы – бұл жаңа заман және жаңа көзқарас!
Қазақстанда Қазақ тілді Хип-Хоп Баттлының
болмауы менің қатты ішімді ашытатын... Осындай шаралар жасайтын
Қазақ рэпін өрге көтерер тұлғаны күттім, үміттендім... бірақ ондай
ешкім болмады... Сосын «мен жасамасам, кім жасайды?» деген ой келді...
осылай тірлігіміз басталды ғой... ол кезде Қазақ МС-леріне
өнерлерін көрсететін мүмкіндік болмады. Ал біз бұл мәселенің шешімін
таптық. Сөйтіп 2008 жылдың жаз мезгілінде
Ресми Қазақ Хип-Хоп
Баттлы пайда болды... Кейінірек, нақтырақ
айтқанда 2010 жылдың
сәуір айында Ресми Қазақ Командалық Хип-Хоп
Баттлы бастау алды... Осылайша Қазақ Хип-Хопының
Дәуірі орнады!
Қазіргі таңда
«ASH ҚаZаҚ Pro» Лейблымен ұйымдастыруымен өтетін Ресми Қазақ Хип-Хоп
Баттлдары Қазақстан
Хип-Хопындағы ең беделді шаралар
болып табылады. Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлдары
Қазақстан Хип-Хопындағы жыл сайын болып тұратын Дәстүрлі шараларға
айналды! Енді Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлдары
жәй ғана «виртуалды» интернеттік шаралар
емес... Бұл кең ауқымды Республикалық деңгейдегі шаралар!
Бұл Баттлдар менің
Мақтан тұтатын дүниелерім!
(Тфу! Тфу! Тфу! Көз тимесін!) Біздің Баттлдар арқылы көптеген
орындаушылар әмбеге кеңінен танылды. Баттл деген мүмкіндік. Ал
ақылды адам мүмкіндікті міндетті түрде қолданады…
Ақылды болыңыздар!
Құрметпен
ШYNGYS
ҚаZаҚ
Рэпінің Ханы.